БӘЙДІБЕК: МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
 
Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Терроризм және су тасқынының алдын алу, осал обьектілердің қауіпсіздігі» тақырыбында кеңейтілген тәртіпте мекеме аралық мәжіліс өткізілді.
Іс-шара облыс прокуратурасының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды.
Мәжіліске аудан мәслихатының төрағасы, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары, террористік тұрғыдан осал обьектілерге жауапты лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібінде прокуратурмен жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі, орын алған кемшіліктер, осал обьектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм мен су тасқынына жол бермеу, атқарушы және уәкілетті органның жұмысын үйлестіру мәселесі талқыланды.