Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерден өнеге-білім, тәрбие алып, үлкен өмір теңізіне аяқ басқан кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Себебі Сіздер шәкірттеріңізге сапалы білім беру үшін өздеріңіздің бай тәжірибелеріңізді аямай, барлық күш жігерлеріңізді жұмсап, білімнің нәрін беріп, табысты өмірге жол сілтеп келесіздер.
Қымбатты ұстаздар!
Тәуелсіз қазақ елінің білім саласының дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!
Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіздің ойы жүйрік болып, жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көп болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Бәйдібек ауданы әкімінің
уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков.