БӘЙДІБЕК: САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

БӘЙДІБЕК: САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында, полицияның сервистік моделіне көшу бойынша барлық өңірлерге тапсырма берілді.
Берілген тапсырманы орындау мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі, Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Қарағанды облысының әкімдігі бірлесіп Қарағанды облысында 2019 жылдан бастап «қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу» пилоттық жобасын іске қосты.
2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы жыл сайынғы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына жолдауы барысында бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойды.
Осы бағыттағы жұмыстың қорытындысы өзінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсеткендіктен, ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің барлық аумағында пилоттық жобаны масштабтау туралы шешім қабылданды.
Түркістан қаласында 2021 жылдың 12 қарашасында пилоттық жоба енгізіліп, Түркістан облысының әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, жарғысы, жұмыс жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру және Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбайдың 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 10/310 хатын басшылыққа алып, аудан әкімінің 13.01.2023 жылы «Бәйдібек ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құру туралы» №05 Өкімінің №1 қосымшасымен топтың құрамы, №2 қосымшасымен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, қоғамдық және жергілікті мемлекеттік органдары нақты аумақтарда заңдылықты сақтаудың және қылмыстар мен басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы шаралар қабылдау, сонымен қатар қауіпсіздік тұрғысынан халықтың проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау бағыттарында халық арасында сауалнама жүргізу тапсырылған.
Аудандық ішкі саясат бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен Шаян елді мекенінде 500 азаматтан сауалнама алынды.
Қазіргі таңда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрамымен жүргізілген сауалнамаларға талдау жұмыстары жүргізілуде.