АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» аясында онлайн-семинар өткізеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін курсын өткізеді.

Оқуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген журналистер мен белсенді блогерлер, журналистика факультетінің студенттері қатыса алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласындағы мамандар екі күн бойы қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізеді.

Курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ және ИПБ басқаруы;

- Цифрлық БЖЗҚ (Қордың электрондық қызметтері туралы тұсаукесер);

- ЕАЭО елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру;

- БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің түрлері.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінің басшылары қазіргі және болашақ әріптестеріне Қордағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қалай жүргізілетіні және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалдарды қалай жасау керектігі туралы айтып береді.

Іс-шара онлайн-форматта 24 қарашада орыс тілінде және 25 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы мен WhatsApp қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс.  

Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

            Мектеп жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналды.

            2017 жылдан бастап оған 400-ге жуық журналистер мен студенттер қатысты.

 

        БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).