БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
 
Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Спорт кешенінің аумағы – 0,60 га. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған. Тұрақты жұмысқа 4 адам қамтылатын болады.
Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы мен бір бөлмесін пайдаланып жатқан ағыбеттік 100-ден аса жасөспірім осы жылдың соңында жаңадан іске қосылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады.
Ағыбет ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі