БӘЙДІБЕК: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнесті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мәселелерін талқылады.
Кездесудің негізгі мақсаты – аудан көлеміндегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және нақты жобаларды іске асыруға мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру.
Жиында аудан басшысы кәсіпкерлердің тек экономикалық дамуға ғана емес, елді мекендердің көркеюі мен абаттандырылуына да қосып отырған үлесін атап өтті.
Аудан басшысы мұндай әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бастамалардың елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және кәсіпкерлердің туған жерге деген жанашырлығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік жобаларды қолдау және елді мекендердің дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.