БӘЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.
Конкурс өткізілетін күні және орны: 2026 жылы 10 қараша сағ 1200- де. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Шәкәрім көшесі №1 А үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2-қабат мәжіліс залында өткізіледі. Қосымша ақпаратты 8/72548/2-16-15 телефоны арқылы білуге болады.
Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2026 жылы 19 қазан - 09 қараша аралығында (09.11.2026 жыл сағ: 1900 - де аяқталады). Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Шәкәрім көшесі №1 А үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 28 тамызда №36716 болып тіркелген) (ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап қолданыста) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жер учаскесін алуға үміткерлерді бағалаудың бұрынғы тәсілі қайта қаралып, жаңа өлшемшарттар жүйесі бекітілді. Енді конкурстық ұсыныстар әлеуетті жер пайдаланушылардың кешенді тиімділігін ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар негізгі өлшемшарттар бойынша бағаланатын болады:
- жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың болуы;
- ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы;
- ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы;
- аквашаруашылық өсірудің болжамды көлемі (аквашурашылықты жүргізу жөніндегі жобалар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін берген жағдайда).
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
1.Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі-Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалу (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2.«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) нормаларының қолданылуы кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңдытұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.
3.Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру тәртібі мен рәсімі Заңмен көзделген ережелер мен шетеулерді ескере отырып, осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
4.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
1) жер комиссиясы – облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің ( елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган.
2) конкурс – жер учаскелерін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шартарын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға оларды уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру нысаны.
3) қатысушы – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары.
4) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, рельефі, климаты, табиғи-тарихы, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, ауыл шаруашылығы жері аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.
5) уәкілетті орган – Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыреті шегінде аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган.
1) жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады. Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі (бос жер учаскелері болған жағдайда).
2) конкурсқа шығару үшін тізбеге енгізілген жер учаскелеріне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу.
3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру.
4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу.
5) конкурстың қорытындысын шығару.
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім.
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны).
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер.
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы қағидаларын Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі қамтылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
12-1. Аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурстық ұсыныста (бұдан әрі – конкурстық ұсыныс):
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, тиісті инфрақұрылымның және аквашаруашылықты жүргізуге арналған жабдықтардың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың біліктілігі, ашылатын жұмыс орындарының санының болуы).
2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамысының талаптарын орындау бойынша міндеттемелер қамтылады.
12-2. Өтінім беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес комиссияның отырысын аудио-бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
мынадай редакцияда жазылсын: 23-тармақ
1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
4) технологиялық жабдықтың болуы:
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:
23-2. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына
қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
конкурстық ұсыныс;
өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 10.11.2026 жылғы сағ 12 00-ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 10.11.2026 жыл.
Бәйдібек ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жер учаскесін жалға беру конкурсына қойылған жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Жер учаскесі лот № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Көлем га |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Жалға беру мерзімі |
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық, аудандық орталықтан орталыққа дейінгі орташа қашықтық)
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
|
1 |
20 |
Егістік |
18,0 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
19 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
2 |
21 |
Егістік |
24,6 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
19 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
3 |
24 |
Егістік |
16,6 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
14 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
4 |
25 |
Егістік |
24,5 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
14 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
5 |
26 |
Егістік |
29,0 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
14 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
6 |
27 |
Егістік |
34,7 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
14 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
7 |
28 |
Егістік |
42,0 |
Оңтүстік нақты сұрғылт |
14 |
10 жыл |
Бөген а/о |
Егін шаруашылығын дамыту үшін |
|
8 |
51 |
Жайылым |
190,0 |
Сұрғылт-қызғылт топырақ |
11 |
10 жыл |
Көктерек а/о |
Мал шаруашылығын дамыту үшін |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №353 бұйрығына сәйкес, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартының 3-тарауындағы Тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша Жалға беруші: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі алғаш рет анықталған кезден бастап ол қатарынан 2 (екі) жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесін Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен, яғни Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі туралы хабарлайды.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігінің
Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі
мемлекеттік мекемесі
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшiн)
(Кiмге) «Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
_____________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен)___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы)
__________________________________________________________________________________
Осы өтініммен ____________________________________________________________________
(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)
__________________________________________________________________________________
жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.
Осы конкурстық өтінімге қоса тіркеледі:
(заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер)
(жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып,
өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер)
(өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер)
4.________________________________________________________________________________
(конкурстық ұсыныс)
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.
Заңды тұлға үшін:
__________________ ________________________ (қолы) (қызметi, аты-жөнi)
М.О.
Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлғалар үшiн)
(Кiмге) «Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
_____________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) __________________________________________________________________
(өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
Осы өтініммен_________________________________________________________________
(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)
_____________________________________________________________________________
жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.
Өтімім беруші жеке тұлға туралы мәлімет және қос тігілеттін құжаттар тізбесі:
(тұрғылықты жері)
1) Азаматтығы: _______________________________________________________________
2) ЖСН: ______________________________________________________________________
3) Жеке куәлік мәліметтері: _____________________________________________________
(конкурстық ұсыныс)
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін.
Жеке тұлға үшін:
_________________ _________________________
(қолы) (аты-жөнi)
Заңды немесе жеке тұлғаның атауы «ЖК, ШҚ, АШӨК, ЖШС»
_________ауыл округіне қарасты лот № және жер учаскесінің гектары нысаналы мақсаты, жерді игеру, алқаптарды кеңейту, бюджетке салық төлемдерді төлеуді көбейту, қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында жер учаскелерін жалға беру конкурсына қатысу өтінім құжаттары.
Құжаттар саны _________ парақта терілген және тігілген.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «______» жылғы _________«________» дейін ашуға болмайды (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Заңды немесе жеке тұлғаның атауы _______________ аты жөні тегі
қолы (бар болса печать)
Қосымша: Конверттің сыртында болу қажет
жеке тұлғаның куәлігінің көшірмесі
заңды тұлғаның (куәлігі, талоны) және басшысының жеке куәлігі
2026 ж