Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекендеріне табиғи газ берілді.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Жобаны “KazBuildCo” ЖШС жүзеге асырды. Газ құбырының ұзындығы Қаратаста 10,005 шақырымды құраса, Тұрақтыда 15,6 шақырым болды. Нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 43 елді мекені (86%), 48 221 халықтың 45 574-сы (94,5%) табиғи газбен қамтылды.
Оған қоса, ағымдағы жылы 3 елді мекеннің (Қошқарата, Кеңсай, Шұқыршақ) газдандыру құрылысы жүргізілуде.
Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі