БӘЙДІБЕК: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӘЙДІБЕК: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 15,29, 30 баптарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, аудан әкімінің міндет атқарушы Нұрпейіс Ақбаевтың Өкімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Отыншиев Ержан Шадиярбекұлы тағайындалды.
 
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов таныстырып, халықты жұмыспен қамту саясатын тиімді жүзеге асыруды, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды, әлеуметтік осал топтарды қолдау шараларын күшейтуді, атаулы әлеуметтік көмекті заңнама талаптарына сәйкес әділ әрі ашық ұйымдастыруды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 
Отыншиев Ержан Шадиярбекулы 1979 жылы 25 қыркүйекте ОҚО Алғабас ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 2002-2012 жылдар аралығында ауданындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің инспекторы, инженері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы;
2013-2017 жылдар аралығында аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
2017-2020 жылдар аралығында аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жөніндегі бас инспекторы;
2020-2021 жылдар аралығында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;
2021-2024 жылдар аралығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары;
2024 – 2026 жылдар аралығында Бәйдібек ауданы әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жөніндегі бас инспекторы, аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бас инспекторы болып еңбек еткен.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі