БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімінің м.а. Нұрпейіс Ақбаевтың өкімімен, ротация негізінде
Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
 
Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы 1971 жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін экономист-финансист, 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 1994 жылы Жезқазған қаласында жезді суландыру жүйесі басқармасының есепшісі, бас есепшісі болып бастаған.
1994-1996 жылдары Теріскей селолық әкімшілігінің орталықтандырылған есеп бөлімінің есепшісі;
1996-1999 жылдары Теріскей селолық әкімшілігінің іс басқарушысы;
1999-2006 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі;
2006-2010 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімшесінің меңгерушісі;
2010-2022 жылдары Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2022 жылдың 09 маусымнан бастап Созақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі