БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы елді мекеніне табиғи газ берілді.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Жобаны жүзеге асырған «KazBulidCo» ЖШС-гі мердігер мекемесі. Газ құбырының ұзындығы: – 9,02 шақырым, нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 41 елді мекені (82%), 48 221 халықтың 44 486-сы (92,3%) табиғи газбен қамтылды.
Оған қоса, ағымдағы жылы 6 елді мекеннің (Қаратас, Тұрақты,Қошқарата, Кеңсай, Ақтас, Шұқыршақ) газдандыру құрылысы жүргізілуде.
Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.