Бүгін Бәйдібек ауданында қоғам қайраткері, белгілі тұлға Оразкүл Асанғазы аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Тағылымды басқосудың тақырыбы — «Атадан өсиет, Анадан қасиет».
Кездесудің негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы тәрбиесінің маңызын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелерін кеңінен талқылау болды.
Іс-шара барысында Оразкүл Асанғазы қазақ халқының салт-дәстүрі, отбасы институтының рөлі, ананың тәрбиесі мен әкенің өнегесі жайында мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелер, жастар тәрбиесі, ұлттық руханият пен адамгершілік құндылықтарды сақтау бағытында маңызды әңгімелер өрбіді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты. Өз кезегінде қоғам қайраткері тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне назар аударып, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесі жолында ортақ жауапкершіліктің маңызды екенін атап өтті.
Тағылымы мол жиын аудан тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, рухани-танымдық мазмұндағы еркін пікір алмасу алаңына айналды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі