БӘЙДІБЕК: БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
 
2026 жылдың 17 мамыр күні өткен Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Ғалым Шабдезім Борлысай ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, бүгін қызметіне кірісті.
 
Қайта сайланған ауыл әкімін ауылдық округі тұрғындарына аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуенмен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев таныстырды.
 
Ғалым Шабдезім 1965 жылы 4 тамыз күні Бәйдібек ауданында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «малдәрігері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысындағы «Жаркөл» совхозында ветдәрігер болып бастаған. 1990–1994 жылдары аталған шаруашылықта бас ветдәрігер қызметін атқарған.
1994–1995 жылдары Шымкент қаласында жеке фермерлік шаруашылықта жеткізуші, 1998–2005 жылдары Сайрам ауданында жеке кәсіпкер болған.
2005 жылы Сайрам аудандық аумақтық басқармасында жетекші маман ветеринариялық инспектор, кейін мемлекеттік ветеринариялық инспектор және басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2009–2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор, операциялық зал бастығының орынбасары, операциялық зал бастығы және бөлім бастығы лауазымдарында еңбек еткен.
2013 жылы Алматы қаласындағы «Ұлттық агроөнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің бас директор орынбасары, 2014 жылы Маңғыстау облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы директорының міндетін атқарушы және директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2015–2018 жылдары түрлі жауапты қызметтерде, атап айтқанда Сайрам ауданындағы «Нұркөл» ЖШС директорының орынбасары, Шымкент қаласындағы коллекторлық агенттіктерде басқарушы директор және директор лауазымдарында жұмыс істеген.
2018 жылдың маусым айынан Борлысай ауылдық округі әкімі аппаратының ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалып, сол жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Борлысай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен жаңадан сайланған Ғалым Шабдезімнің қызметіне сәттілік тілеп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі