БӘЙДІБЕК: МЫҢБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: МЫҢБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев Мыңбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер негізінде округте атқарылып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.
 
Атап айтқанда, өткен жылы Мыңбұлақ елді мекенінде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынып, аумағы қоршалып, оған баратын жол ретке келтірілді.
 
Ағымдағы жылы округте бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде Мыңбұлақ ауылында ашық футбол алаңшасын салу, «Ақтас әулие» табиғи бұлағына апаратын жолды жақсарту жұмыстары қарастырылған.
 
Сонымен қатар, елді мекендерді жарықтандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бірқатар көшелерге жарық шамдары орнатылып, қосымша көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.
Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды. Жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, тиісті сала басшылары тарапынан нақты түсіндірмелер берілді.
 
Нұрпеис Ақбаев көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі