Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқраушы Нұрпеис Ақбаев Бөген ауылдық округінде бірқатар нысандарды аралап, елді мекендердің даму барысымен танысты.
Сапар барысында Жиенқұм және Шалдар ауылдарындағы абаттандыру жұмыстары, егілген тал көшеттерінің жағдайы, су арналары мен инфрақұрылым нысандары қаралды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкердің тігін цехының жұмысымен танысып, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.
Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірқатары өз шешімін тапқан. Атап айтқанда, Шалдар және Екпінді елді мекендерінде көшелер жөнделіп, аяқ жолдар мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Шалдар ауылында ауыз су жүйесі жаңартылып, Сарқырама елді мекенінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынды. Сонымен қатар, электр желілері жаңартылып, каналдар тазаланып, су реттеу нысандары орнатылды.
Ағымдағы жылы да бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, Шалдар ауылындағы футбол алаңын жаңарту және бірнеше көшеге жарықтандыру жүйесін орнату көзделуде.
Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі