Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың ауылдық округтерді аралау кестесіне сәйкес жұмыс сапары Көктерек ауылдық округінде жалғасты.
Іссапар барысында аудан басшысы Кеңестөбе ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 5 көшеге жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының сапасын көріп, атқарылған жұмыстарға баға берді. Сонымен қатар, ауылдағы жаңадан орнатылып жатқан электр бағаналары мен желілерінің жай-күйімен танысты.
Сапар аясында Кеңестөбе ауылындағы орталық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіліп, елді мекеннің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында егілген тал көшеттерінің қазіргі жағдайы зерделенді.
Жұмыс сапары Ынтымақ ауылында жалғасып, балалар ойын алаңшасының жағдайы мен жаңадан орнатылған электр бағаналары қаралды.
Жалпы, сапар барысында ауылдық округтегі инфрақұрылым нысандарының сапасы, тұрғындардың тұрмыс жағдайы және әлеуметтік мәселелер аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда екені атап өтілді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі