«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15, 28, 30 баптарына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу» Қағидаларының 101 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің өкімімен 2026 жылдың 12 наурызынан бастап Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Қарабеков Өмірзақ Жамбылұлы тағайындалды.
Өмірзақ Жамбылұлы – 1984 жылы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, 2009 жылы Шымкент университетін Құқықтану, Экономика мамандықтары бойынша бітірген. Отбасылы.
Еңбек жолын – 2008 жылы Шымкент қалалық әкімшілігінде бастап, одан кейінгі жылдары Сарығаш, Шымкент қаласы Әл-Фараби, Қаратау аудандары бойынша салық басқармасында, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде түрлі салалар бойынша қызметтер атқарған.
2021-2024 жылдар аралығында Бөген ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.
Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі