БӘЙДІБЕК: КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2026 жылға жоспарланған жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.
 
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2026 жылдың қаңтар айындағы негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Елбосынқызы Тұрымбекова баяндама жасады. Мәжіліс барысында статистикалық көрсеткіштерге талдау жүргізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.
 
Екінші мәселе аясында 2026 жылға жоспарланған жобалардың іске асырылу барысы қаралды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрар Ибадуллаұлы Үркімбаев атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады. Жобаларды мерзімінде және сапалы жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.
 
Үшінші мәселе бойынша Алмалы ауылдық округінің әкімі Элдар Пернебекұлы Тазабеков 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасап, округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары таныстырылды.
 
Мәжіліс қорытындысында барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктелді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі