Бәйдібек ауданында аудан активінің қатысуымен Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жаңадан тағайындалған басшыны таныстыру рәсімі өтті.
Жиын барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев және аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев ішкі істер органдарындағы кадрлық өзгеріске тоқталып, Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №56 бұйрығына сәйкес Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Құрбаналиев Ғалымжан Рахымжанұлы тағайындалғанын хабарлады.
Ғалымжан Рахымжанұлы 1987 жылғы 5 қазанда Түркістан облысында дүниеге келген. 2009 жылдан бері ішкі істер органдарында түрлі жауапты қызметтерді атқарып келеді. Соңғы жылдары Төлеби және Сайрам аудандарында басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
Аудан басшылығы жаңадан тағайындалған бөлім басшысына сенім білдіре отырып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына табыс тіледі.
Жиын соңында аудан активі жаңа басшыға сәттілік тілеп, алдағы қызметіне қолдау білдірді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі