БӘЙДІБЕК: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
 
Түркістан облысы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының және Аграрлық несие корпорациясының өкілдері ауданға келіп, ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Жиын барысында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне арналған қаржылай қолдау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға бағытталған лизингтік бағдарламалар, жеңілдетілген несие беру шарттары, қаржыландыру мерзімдері мен талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
 
Сонымен қатар, аграрлық несие корпорациясы тарапынан шаруаларды несиелендірудің қолданыстағы бағдарламалары, оларды алу тәртібі мен мүмкіндіктері таныстырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
 
Кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамыту, техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру және кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
 
Аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі