БӘЙДІБЕК: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы мен өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
 
Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер шығарылды. Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі индикаторлық көрсеткіштерінің орындалу деңгейі қаралып, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының аудан аумағында іске асырылу барысы туралы тиісті бөлім басшылары хабарлама жасап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстырды.
 
Мәжіліс барысында облыс және аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдар мен кіріс-шығыс хаттардың уақтылы әрі сапалы қаралу мәселелері де кеңінен сөз болды.
 
Жиын соңында Нұрпеис Ақбаев барлық сала басшыларына жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімде орындап, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, атқарылатын жұмыстардың сапасы мен нәтижелілігіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
 
Жиын барысында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, тиісті бөлімдерге нақты міндеттер жүктелді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі