Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.
Аталған тапсырманы іске асыру мақсатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен құрылған жұмысшы топ Жамбыл ауылдық округіне арнайы барып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және тиісті сала мамандары бірқатар тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын зерделеді.
Аудан басшылығы тарапынан халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта барлық ауылдық округтерде жүйелі түрде жалғасын табады.
Жұмысшы топ тұрғын үйлерде, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарда түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі