Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздіктері» атанған азаматтарды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.
Мерекелік шарада Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев пен аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев әр салада еңбек етіп, үздік атанған сала мамандарын құттықтап, құрмет көрсетті.
- Құрметті марапат иелері және әрбір сала қызметкерлері! Бүгін біз ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосқан, еңбегімен және шынайы талантымен ерекшеленген "Жыл үздіктерін" марапаттауға жиналып отырмыз. Жыл бойы ауданымызда түрлі салаларда ауқымды істер атқарылды. Әрбір жеткен жетістігіміз Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Әр саланың үздіктері - өз ісінің нағыз мамандары ретінде тұрғындардың өмірін жақсартуға, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған қажырлы жұмыс жасады. Ауданымыздың үздіктерін марапаттау — Сіздерге деген құрметтің бір белгісі. Баршаңызға келе жатқан Жаңа жылда зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби салада табыс тілеймін!, - деді Бақыт Қырғызалиев.
Жыл үздіктерін салтанатты марапаттау жиынында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі