БӘЙДІБЕК: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтың ауданға жасаған іс-сапары аясында тұрғындармен кездесу жиыны өтті.
 
Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, әр округтен келген кәсіпкер азаматтар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ауданның белсенді жастары қатысты.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, Парламент қабырғасында көтеріліп жүрген бастамалар мен заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берді.
 
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу бағытында алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
 
Жиын барысында аудан тұрғындарын толғандырған инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік сала және жастар саясатына қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
 
Кездесу соңында аудан тұрғындары Мәжіліс депутатына аудан мәселелерін үнемі назарда ұстап, Парламент деңгейінде көтеріп жүргені үшін алғыс білдіріп, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі