ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шаян елді мекенінде орналасқан Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы КММ нің тең қоғам белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметімен танысты.
Іс-сапар барысында орталықтың материалдық-техникалық базасын, көрсетіліп жатқан қызмет түрлерін және азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды көріп шықты. Сондай-ақ орталыққа келуші қариялармен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аралау кезінде орталықтың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу, дене белсенділігін күшейту және қоғамдық белсенділікті дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Халық қалаулысы орталық қызметіне оң бағасын беріп, алдағы уақытта да мұндай әлеуметтік бағыттағы жобалардың ел игілігі жолында жүйелі түрде жүзеге асырылуы қажеттігін айтты.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі