ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан орталағындағы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық білім беру нысанынымен танысты.
Қазіргі таңда мектеп ғимаратындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Білім ордасының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, оқу процесін сапалы ұйымдастыруға қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Нысанды аралау кезінде Ұ.Сәдібеков мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар ескертпелер айтып, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою және құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Аталған мектеп жақын арада пайдалануға беріліп, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға және оқушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі