БӘЙДІБЕК: ЖАРЫҚБАС ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ ✔️ Бүгін Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Жарықбас және Бәйдібек ата елді мекендеріне табиғи газ берілді.
БӘЙДІБЕК: ЖАРЫҚБАС ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Бүгін Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Жарықбас және Бәйдібек ата елді мекендеріне табиғи газ берілді.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді.
– Бұл жоба сіздердің үйлеріңізге жылу әкеліп, күнделікті өмірлеріңізді жеңілдетеді. Бүгінгі күн ауыл тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Бұл – бірлік пен тынымсыз еңбектің жемісі. Табиғи газдың елді мекендерге берілуі – Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі, – деп атап өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Жобаны жүзеге асырған мердігерлер: Жарықбас елді мекені – «AST-СТРОЙ NS» ЖШС, Бәйдібек ата елді мекені – «Almaty Production Construction & Invest» ЖШС. Газ құбырының ұзындығы:Жарықбас е/м – 9,399 шақырым, Бәйдібек ата е/м – 68,820 шақырым. Нәтижесінде:38 елді мекен (76%) немесе 43 484 тұрғын (90,2%) табиғи газбен қамтылды.
2026 жылы Қаратас, Тұрақты, Ақжар, Жұлдыз, Алмалы, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас, Шұқыршақ елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, табиғи газ беріледі.
Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.