БӘЙДІБЕК: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.
 
Жиын басында аудан басшысы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының атынан Қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
 
Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
🔹 аудан көрсеткіштерінің орындалу барысы;
🔹 негізгі индикаторлық көрсеткіштердің 11 айдағы орындалуы және бюджет қаржысының игерілуі;
🔹 аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы мен қысқы маусымға дайындығы туралы.
 
Жиын соңында Бақыт Қырғызалиев көтерілген барлық мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Берілген ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі