Аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуеннің төрағалығымен ауданға инвестор тарту мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер және тиісті сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ экономиканың басым бағыттары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі және шағын және орта бизнесті дамыту бағыттарында атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Жиында инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен қолданудың маңыздылығына айтылды.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдеріне өз аумақтарындағы инвестициялық жобаларды нақтылап, әлеуетті инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.
Аталған жиын аудан экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі