Салтанатты іс-шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ашып, Жұлдыз ауылының тұрғындарын құттықтады. Өз сөзінде - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Оған қоса, аудандағы «Шаян-Жамбыл-Танатар» елді мекендерінің арасындағы магистралды су құбыры мен су тазарту қондырғысын қайта құру жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Одан бөлек, 14 елді мекеннің Кеңестөбе, Амансай, Жыланды, Сарыбұлақ, Мыңбұлақ, Тұрақты, Жаңаталап, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Теректі, Шалдар, Жарықбас, Алмалы елді мекендерінде ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңаталап, Жұлдыз елді мекендерінде ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Боралдай, Ағыбет, Жамбыл, Түйетас елді мекендеріндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен қаржысы бөлінді. Нысан құрылыстары 2026 жылға өтпелі.