БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев мердігер мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіп, ауданда атқарылып жатқан және алда жүзеге асырылатын инфрақұрылым жобаларының сапалы әрі уақытылы орындалуын тапсырды.
Кездесуде әлеуметтік, инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың барысы қаралды.
Негізгі бағыттар
1. Электрмен қамтамасыз ету:
Шыбыт, Жамбыл, Таскүдік
Алғабас, Ағыбет, Жұлдыз
Кенестөбе, Бірлік, Бейбітшілік
Бестоғай, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мынбұлақ ауылдары
2. Ауыз су жүйелерін жаңғырту:
Боралдай, Ағыбет, Жамбыл, Түйетас елді мекендері
3. Газбен қамтамасыз ету:
Кенестөбе, Бәйдібек ата, Жарықбас
Ақтас, Кеңсай, Қошқарата елді мекендері
4. Спорт нысандары:
Шақпақ ауылындағы спортзал құрылысы
Бақыт Қырғызалиев барлық нысандар бойынша жұмыстардың тиісті мерзімде аяқталуын, сапаның басты назарда болуын ескертті.
Басталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатыны айтылды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі