БӘЙДІБЕК: АЛҒАБАС ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ “ГАЗЕТ ТАРИХЫ — ЕЛ ТАРИХЫ” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: АЛҒАБАС ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ “ГАЗЕТ ТАРИХЫ — ЕЛ ТАРИХЫ” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
БӘЙДІБЕК: АЛҒАБАС ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ
“ГАЗЕТ ТАРИХЫ — ЕЛ ТАРИХЫ” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін аудандағы өңірдің рухани әрі ақпараттық кеңістігінде өзіндік орны бар Алғабас газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған “Газет тарихы — ел тарихы” атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев құттықтау сөз сөйлеп, газеттің тоқсан жылдық тарихы өңірдің даму жолымен егіз екенін атап өтті.
«Алғабас газеті — ауданның айнасы, елдің үнін жеткізетін шынайы ақпарат алаңы. Басылымның қалыптасуына үлес қосқан барлық ардагер журналистерге алғыс білдіремін. Мерейтой құтты болсын!» — деп тілек білдірді.
Шарада газеттің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагер қаламгерлердің еңбегі ерекше атап өтілді. Мерейтойға аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, ауданның қоғамдық және басқарушылық саласында еңбек еткен ардагерлер, журналистика және мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Мерекелік жиын аясында ауданның қоғам және басқару саласында еңбек еткен ел ағалары мен мәдениет, ақпарат саласының танымал тұлғалары басылым ұжымын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Іс-шара соңында Алғабас газетінің өңірдің рухани-мәдени және ақпараттық дамуындағы ерекше орны атап өтіліп, редакция ұжымына алдағы жұмысына сәттілік тілектері білдірілді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі