Жиын басында аудан басшысы Түркістан қаласының ерекше мәртебе атануына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Бәйдібек ауданының Бас жүлдені жеңіп алғанын атап өтіп, Мәдениет саласының қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Мәжілісте күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды:
Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Қанат Ауелбеков тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндама жасады. Жетісай ауданында орын алған жағдайға байланысты алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Планшеттер арқылы салынған айыппұлдар
Аудан әкімінің заң кеңесшісі Нұрсұлтан Пазылов ауылдық округтерде планшеттерді пайдалану және әкімшілік айыппұл салу тәртібі бойынша есеп берді.
Қосымша мәселелер
• Күзгі көшет отырғызу жұмыстары – әкімнің кеңесші-көмекшісі Берік Тұрлыбеков атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
• Жаңадан алынған техникаларды бөлу және аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету – бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде ТКШ бөлімі басшысы Жандос Азизханов баяндады.
Жиын соңында Бақыт Қырғызалиев қатысушылардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдап, күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, жауаптыларға қадағалауды тапсырды.