БӘЙДІБЕК: АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ ШЕРУІ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ ШЕРУІ ӨТТІ
🏛 БӘЙДІБЕК: АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ ШЕРУІ ӨТТІ 🇰🇿
✔️ Бүгін аудан орталығында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты тулар шеруі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде Республика күні – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, халықтың мемлекетшіл рухының айқын көрінісі екенін атап өтті.
Мерекелік шеруде қатысушылар қолдарына мемлекеттік тулар ұстап, отансүйгіштік рухты паш етті.
🇰🇿 Шара соңында аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, Республика күні жоғары деңгейде аталып өтті.