БӘЙДІБЕК: “АЛТЫН КҮЗ” МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКРУКТЕРГЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

БӘЙДІБЕК: “АЛТЫН КҮЗ” МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКРУКТЕРГЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
 
«Алтын күз – 2025» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және елді мекендердің техникалық әлеуетін арттыру мақсатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ауылдық округ әкімдіктеріне 11 трактор тіркемесі, 3 жүк тиегіш (погрузчик) және аудандық мәдениет үйіне бір дана автокөлік (Газель) табыстады.
 
Бұл қадам — ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
 
Сонымен қатар, мереке барысында саланың дамуына үлес қосқан еңбек озаттарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі