
Кездесуде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына жан-жақты талдау жасалды. Облыс әкімі салық түсімдерін арттыру, кірістерді заңдастыру, ауылдық округтердің қаржылық тәуелділігін азайту, сондай-ақ жергілікті жобаларды іске асыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің төмендігі ерекше назар аударуды қажет етеді. «Өзін-өзі қамтамасыз ету жол картасы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар да мардымсыз деп бағаланды.