Аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара мемлекеттік гимнмен басталды. Аудан әкімі міндетін атқарушы Бақытбек Тұрсынәліұлы аудан халқын Конституция күнімен құттықтады.
– Сіздерді мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Еліміз инновацияға негізделген индустриялық даму жолына бет алды. Ынтымағы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін өнегеге айналды.
ҚР Конституция күніне орай әр түрлі салада аудан дамуына үлес қосып жүрген бір қатар азаматтар марапатталды.
Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.