БӘЙДІБЕК: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
📍 Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Самат Рысбековтың төрағалығымен несие алушылармен және кәсіпкерлермен ашық форматта кездесу ұйымдастырылды.
 
🔹 Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен шаруаларға арналған «Өрлеу» бағдарламасы мен өзге де мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстыру.
 
🔹 Жиынға облыстық қаржы ұйымдарының өкілдері, ауылдық округтерден келген кәсіп иелері, жастар, мәслихат депутаттары және арнайы қаржы ұйымдарынан құралған жұмысшы топ қатысты.
 
🔹 Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасынан Сағи Жұматаев қатысып, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңінен ақпарат берді.
 
📣 Жиын еркін сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
 
Кездесу соңында шаруа қожалық төрағаларымен жеке қабылдау өткізіліп, сұрақтарға жауап берілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі