Аудандық «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кеңейтілген отырысы өткізілді.
Жиынға аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласының жауапты өкілдері қатысты.
Отырысты комиссия төрағасы Нұрпеис Ақбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Кеңейтілген отырыста үш мәселе қаралды:
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, өзіне өзі қол жұмсаудың және қылмыстардың алдын алу мақсатында 2025 жылғы 1 шілде мен 15 тамыз аралығында жүргізілген рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу жұмыстарының қорытындылары.
Бұл мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Жұмабеков баяндама жасады.
Жасөспірімдердің жасаған қылмыстық ісі туралы баяндама жасап, жағдайды талдаған – аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Әсілхан Жалғас Бақытжанұлы.
Боралдай ауылдық округі, Теректі ауылындағы жағдай бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы Мэлс Тоқпанбетов ақпарат берді.
Баяндамалар тыңдалып, талқылаудан кейін комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар берілді. Әсіресе жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту бағытында бірқатар шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатындығы айтылды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі