БӘЙДІБЕК: АУДАНДАҒЫ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАНДАҒЫ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен "Аудан көлеміндегі агроқұрылымдарда туындаған өзекті мәселелерді талдау" тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
 
Жиынға аудан әкімі Ерлан Нұрмахановпен аудан прокуроры Мәди Байтелиев төрағалық етті.
Кездесуге аудан көлеміндегі ірі агроқұрылым басшылары, шаруа қожалық жетекшілері, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
 
Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде жер, су, субсидия, инфрақұрылым және өндірістік тиімділікке қатысты нақты проблемалар талқыланды. Қатысушылар салада кездесетін түйткілді мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
 
Аудан басшысы мен аудан прокуроры кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, заң аясында қолдау көрсетілетінін және барлық мәселе тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып қарастырылатынын атап өтті.
Кездесу еркін әрі ашық форматта өтіп, кәсіпкерлер мен жергілікті билік арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға бағытталды.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі