Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде еңбек және қоғамдық өмірдің ардагерлеріне арналғын “ Тең қоғам - Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының ашылу салтанаты өтті.
Азаматтардың өмір сүруіне лайықталып жасалған орталықтың ашылуымен Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы және Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Түймебаев Имангелді Қансейітұлы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңадан ашылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Аталған орталықтың ашылуы – ауданымыздың әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам, бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты және тиімді қолдаудың айқын көрінісі және аудан халқының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсене араласуына бағытталған маңызды әрі құнды бастама.
Қазіргі таңда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, өзара байланыс орнату және дене белсенділігін арттыру – қоғам дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ашылып отырған орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуы, кәсіби мамандармен қамтылуы және әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалуы – бұл бастаманың табысты жүзеге асуының басты кепілі.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі