Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бәйдібек ауданы әкімдігінің алдында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның орындалуымен басталды. Шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері, жастар қатысты. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету арқылы қатысушылар елдік пен бірлікке, патриотизмге деген құрметтерін білдірді.
Іс-шара барысында 50-ге жуық жастың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Жастар ән ырғағымен Мемлекеттік Ту бейнесін жая отырып, ұлттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетті.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – ел бірлігін, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңызды бір жолы. Осындай тағылымды іс-шаралар жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі