Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 27 наурыздағы № 7 шешімі
Ағыбет, Бөген ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 3) тармақшасы және 3-тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Ағыбет, Бөген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 28 наурыздан басталсын.
- 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Ағыбет, Бөген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева