Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 78 шешімі

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 15 қарашадағы № 78 шешімі

 

       

Бәйдібек ауданы, Жамбыл

ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабы 3-тармағына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 16 қарашадан басталсын.
  3. 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы шешім Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға М.Қырықбаев

Хатшы Р.Жангазиева

 

Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
15 ноября 2023