Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №13 қаулысы

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №13 қаулысы

     

 

Боралдай ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Боралдай ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қазаннан басталсын.
  3. 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Төраға М.Қырықбаев

Хатшы Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 30 қыркүйектегі          № 13 қаулысына қосымша

 

Боралдай ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Боралдай ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

                                                                                (113-1б., 1-т., 2-т.)

2. Сайлау округі мен оның шекарасы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2026 жылы 10 қазаннан кешіктірмей.                                             

   (22-б., 2-т.)

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2026 жылы 10 қазаннан кешіктірмей.

                                                 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен – 2026 жылы

15 қазаннан кешіктірмей.

                                                    (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудан әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде – 2026 жылы

15 қазаннан кешіктірмей.

                                                                                                     (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылы 1 қазанда басталады, 13 қазан күні сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1, 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін жинақталған құжаттарды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментіне ұсыну.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

                                (4-б., 113-2 б.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып.

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б. 8-т.)

11. Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде (ұсынылған әрбір кандидат үшін 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін).

Құжат тапсырып тіркелгенге дейін.

                                                                        (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2026 жылдың 1 қазанына (ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

 (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылы 1 қазаннан басталады, 18 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады.

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үгіт басталғанға дейін.

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2026 жылы 18 қазан күні сағат 18:00-ден кейін басталады және 7 қараша күні нөл сағатта аяқталады.

 (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2026 жылы

19 қазанға дейін.

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2026 жылы

24 қазаннан бастап.

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен – 2026 жылы

29 қазаннан кешіктірмей.

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2026 жылғы 5 қарашадан ерте емес, 7 қарашадан кеш емес.

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда – 2026 жылы

8 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

                       (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2026 жылғы 8 қараша күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

                                                                             (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы  хаттамалар жасау.                                  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

 (18-б., 8)т., 43-б., 1-т.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу                     

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

                       (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен – 2026 жылы 11 қарашадан  кешіктірілмей.

                                (113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен – 2026 жылы 14 қарашадан кешіктірілмей.

                                   (44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде.

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін – 2026 жылы 14 қарашадан кешіктірілмей.

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Қаулы
Дата публикации
30 сентября 2026