АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДIРУШIЛЕРГЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДIРУШIЛЕРГЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау 5 бағытта жүргізілуде:

  1. Қайта өңдеуге өткізілген өнімді субсидиялау;
  2. Жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау;
  3. Сатып алынған тұқым құнын субсидиялау;
  4. Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау;
  5. Жеңілдетілген жанар-жағармайға өтінім қабылдау.

Бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес, Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау және тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша  облыс әкімінің қаулысы бекітілді (Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 10 ақпандағы № 29 қаулысы «2025 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды

субсидиялауды бекіту туралы», Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 10 ақпандағы № 28 қаулысы «2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды

субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы»)

          Ауыл шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау (субсидиялау) GosAgro.kz  электронды субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.