ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ I-ші ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШҚЫ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ I-ші ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШҚЫ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 
216,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен
25,3 млрд. теңгеге артып, нақты көлем индексі 107,1% жетті. Республикада бірінші орынға тұрақтады.

Оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы 41,4 млрд. теңге (109,0 %);

- мал шаруашылығы 171,2 млрд.теңге (106,9 %).

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына
58,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, т.к 1,4 есе (136,3 %), тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 11,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, т.к 2,4 есе (237,3 %) артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.
153 млн. АҚШ $-на 502 мың тонна өнім өнімі экспорталып, тиісті кезеңнен 112,4 % ұлғайды (т.к 136,1 млн. АҚШ$). О.і

- Өсімдік шаруашылығы 369,4 мың тонна (39,1 млн. АҚШ$);

- Мал шаруашылығы 9,5 мың тонна (24,3 млн. АҚШ$);

- Қайта өңдеу 122,9 мың тонна (89,6 млн. АҚШ$);

 

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға (2023 ж. – 870 мың. га) орналастырылды.

 Оның ішінде: жаздық дақылдар 497 мың гектар, күздік егіс 202 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтқанда, масақты дақылдар 8 мың гектарға
(281 мың. га) мал азықтық дақылдар 6 мың гектарға (230 мың. га) көкөніс, картоп, бақша дақылдары 3 мың гектарға (129 мың. га) артығымен орналастырылса, мақта дақылының егіс алқабы
11 мың
гектарға (100 мың. га), майлы дақылдар 6 мың гектарға (77 мың. га) қысқартылды.

Облыстың ерекшелігіне орай, Республикада алғашқы болып 282 мың га егілген астықты ору науқаны Түркістан облысында басталды.

 Гектар түсімділігі 25 центнерден 705 мың тонна дән жинау күтіліп отыр (2023 ж. 17,1 ц/га., 466 мың тн.).

15.07.2024 ж. жағдайға жоспарланған егіс көлемінің
179 мың гектары орылып, 448 мың тонна астық жиналды.

Сондай ақ, ағымдағы жылы 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Бүгінгі күнге 462 мың тонна көкөніс, 273 мың тонна  бақша, 234 мың тонна картоп және 70 мың тонна жеміс-жидек өнімдері.

Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты 
1,5 жылдық мал азықтық қорды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар.

Мал қыстату кезеңіне 5,1 млн. тн мал азығын жинау жоспарланып, бүгінгі күнге 3,6 млн. тн. мал азығы жиналды немесе 72% орындалып отыр. Оның ішінде: табиғи шөп – 1,9 млн. тн., жоңышқа 1,6 млн. тн., пішендеме – 74,0 мың тн., сабан – 104,0 мың тн.

Облыста 25 367 бірлік техника бар. Оның ішінде
12 175 трактор, 1 667 комбайн және 11 525 тіркемелер мен агрегаттар бар. Инвестициялық субсидия және кредит/ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламалы техникалар паркін жыл сайын  5-6 пайызға жаңалауға мүмкіндік берді.

А.ж 6 айында жаңадан 739 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып  алынды.

Облыс су үнемдеу технологияларын ендіру, жылыжай, қарқынды бау шаруашылығын дамытуға елімізде алдынғы қатарда.

ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың
2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысына 2030 жылға қарай облыста су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған.

Ағымдағы жылы жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Жарты жылдыққа
12,9 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде, 8,0 мың гектар тамшылатып, 4,9 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Инвестициялық субсидия бағдарламасы арқылы су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстар 80 %-ға субсидияланады. 

Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында жергілікті 2 кәсіпорын іске қосылды.

 «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты.

 «Тұран су» МКК-ның құны 600,0 млн. теңге құрайтын жылына 9,0 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорыны.

Жылыжайлар көлемі 1 640 гектарды құрайды, немесе республикалық көрсеткіштің 71 пайызы. 6 айда жылыжайлардан 144 мың тонна көкөніс өндірілді.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдауға бюджеттен 2023 жылы 932,0 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2024 жылға 2,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, 31 гектар өнеркәсіптік, 540 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілді (2003 бірлік АШТӨ-рі).

Қарқынды баулардың көлемі 5,1 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардың өнімділігі 5 есе немесе гектарынан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар:

- Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында минералды тыңайтқыш себуді ғылыми негізі бар қажеттіліктің кемінде жартысына жеткізу мүмкіндігін атап өтті.

Осы орайда, 88,3 мың тн. тыңайтқыштар құнын субсидиялауға облыстық бюджеттен 7,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сатып алынған отандық тыңайтқыштар құнының
60 %, шетелдік тыңайтқыштардың 50 % субсидиялануда. Бүгінгі күнге 6,0 млрд. теңге қаржы игеріліп, 7 348 АШТӨ-не қолдау көрсетілді;

-  Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Егіске қажетті 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 2,6 мың тонна мақта және 1,5 мың тонна жоңышқа,  0,9 мың тонна жүгері тұқымдары пайдаланылды.

Тұқым шаруашылығы қолдауға облыстық бюджеттен
600,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 122 млн. теңгеге мақта, жүгері тұқымдары субсидияланды;

- Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 29,7 мың тонна (Босату бағасы 247-249 тг/л), жиын терім жұмыстарына 23,3 мың тонна жанар-жағармай бөлінді;

- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11,7 млрд. теңгеге 1863 жоба қаржыландырылды және «Кең дала -2» бағдарламасы арқылы қосымша 10,0 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Несие қаржы тауар өндірушілердің тыңайтқыштарды сатып алуына және жиын терім жұмыстарына бағытталуда.

 

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.

Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы – су қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Республикадағы суармалы жерлердің көлемі
552,0 мың гектарды құрайды, бұл еліміздегі барлық суармалы алқаптың 4,1 бөлігі.

Түркістан облысында барлық каналдардың жалпы ұзындығы 12,3 мың шақырымды құрайды (3 147 бірлік).

Оның ішінде: республикалық меншікте 5,8 мың шақырым (1 493 бірлік), облыстық меншікте 6 мың шақырым (1 535 бірлік) каналдар.

Облыстық меншіктегі каналдардың 72% тозығы жеткен
(4,3 мың шқ.).

Облыс бюджетінің мүмкіншілігіне қарай жыл сайын кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

 2023 жылы облыстық бюджет есебіне 69 шақырымды құрайтын 15 су нысанына (10 канал - 2024 жылға өтпелі) күрделі жөндеу, 3 су нысанына ағымдағы жөндеу және 18 шақырым қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 11,5 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етуі, 416 гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды.

Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық бюджет есебінен 8,9 млрд. тг қаржы қаралып, 23 су нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде және 63 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу, 488 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 7,9 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз етуі, 19,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсаратын болады.

Жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары аясында «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленді.

Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн.м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесі шешімін табатын болады.

- «Бәйдібек ата» су қоймасын (68 млн.м3) салу жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 680 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды.

2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға  республикалық бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Қосымша
5 млрд. теңге қаржы бөлу жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация минстрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

- «Боралдай» су қоймасының (45 млн.м3)  техникалық экономикалық негіздемесі және жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде, ағымдағы жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады.

Бұдан бөлек, қолданыстағы «Бөген», «Қосқорған» су қоймаларын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық - сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Бүгінгі таңда, «Қосқорған» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық - сметалық құжаттамасы дайын. Жоба құны 5,8 млрд. теңге.

 

АУЫЛ АМАНАТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына ағымдағы жылы өңірімізге республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр.

Жобаға 62 ауылдық округтері және 62 кооператив қатысады. 6 бағыт қаржыландырылады.

Өсімдік шаруашылығы: болжамды қаржы 300 жоба 2,3 млрд.тг (21.6%)  450 жұмыс орны., Мал шаруашылығы: болжамды қаржы 272 жоба 2,1 млрд.тг (19.6%)  272 жұмыс орны., Құс шаруашылығы: болжамды қаржы 170 жоба 1,3 млрд.тг (12.2%)  170 жұмыс орны., Балық шаруашылығы: болжамды қаржы 111 жоба                        0,8 млрд.тг (8%)  111 жұмыс орны., Кооперативтерді жабдықтау: болжамды қаржы 62 жоба 1,8 млрд.тг (17%)  248 жұмыс орны., Өз кәсібін ашу: болжамды қаржы 300 жоба 2,3 млрд.тг (21,6%)  450 жұмыс орны.

        Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде:

  • 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылады;
  • АӘК алушылар саны 90 отбасы немесе 360 адамға қысқарады;
  • орташа жалақыны 125 % ұлғайту көзделуде.

Ағымдағы жылы бағдарлама электронды платформа арқылы жүзеге асырылатын болады.

Электронды платформа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне шағын бюджеттік кредиттер беру процестерін жаңғырту және оңтайландыру мақсатында әзірленді. Оның негізі несиелік өтінімдерді беру, қарау және басқару ашық және автоматтандырылған жүйеде қамтамасыз етіледі.

Жобаларды қаржыландыру тамыз айынан басталады.

Анықтама үшін: Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 2,5%

Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін - 9 230 000 теңгеге дейін (2,5 мың айлық есептік көрсеткіш).

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін - 29 536 000 теңгеге дейін           (8 мың айлық есептік көрсеткіш).

Несиенің шекті мерзімі – 84-60 айға дейін (тараптардың келісімі бойынша анықталады)

Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін (тараптардың келісімі бойынша анықталады)

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР.

Нарықты отандық өнімдермен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары.

2024 – 2026 ж.ж. жалпы құны 507,3 млрд. теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңадан 8300 жұмыс орындары құрылады. О.і 2024 жылы АӨК саласына жалпы құны 114,2 млрд.теңгені құрайтын 45 жобаны іске  асыру жоспарланған.

6 айдың қорытындысымен құны 12,5 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 55 уақытша, 81 тұрақты жұмыс орындары құрылды.

  1. 1. Қазығұрт ауданы «Қарқын-2030» ЖШС – «25 000 басқа арналған мал сою бекеті», құны 1 100,0 млн.тг;
  2. Сайрам ауданы «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС – «Жылына 9 600 тн сүт өңдеу кәсіпорнын салу», құны 150,0 млн.тг;
  3. Кентау қаласы «Абдашим» ШҚ – «1 га жылыжай кешенін салу», құны
    80,0 млн.тг;
  4. Созақ ауданы «Атамекен» ЖШС –«181 га жаңбырлатып суару әдісін ендіру», құны 257,0 млн.тг;
  5. Сарыағаш ауданы «ADIA» ЖШС – «2,5 га жылыжай кешенін салу», құны 600,0 млн.тг;
  6. Сауран ауданы «Балмұздақ» ЖШС – «Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу», құны 2 300,0 млн.тг;
  7. Сауран ауданы «Жасыл аймақ» АӨК – «Сыйымдылығы 5 000 мың басқа арналған ІҚМ мал бордақылау алаңы», құны 3 500,0 млн.тг;
  8. Шардара ауданы «VITA» ЖШС – «Жылына 130 тн балық өнімін өндіру»,
    1 500,0 млн.тг;
  9. Шардара ауданы «Иіржар Агро» ЖК – «500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін ендіру», құны 640,0 млн тг;
  10. Мақтаарал ауданы «Хамро ата» ШҚ – «310 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін ендіру», құны 500,0 млн тг;
  11. Мақтаарал ауданы «Мырзашөл Құс» ЖШС – «Жылына 20,0 млн. дана жұмыртқа бағытындағы құс фермасы, құны 850,0 млн тг;
  12. Түлкібас ауданы «Кен-Тау» ЖШС – «30 га алқапқа қарқынды алма бауы», құны 300,0 млн тг;
  13. Төлеби ауданы «Шымкент Балық» ЖШС – «Жылына 300 тн. балық өнімін өндіру», құны 800,0 млн тг.

 

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

       Облыс мал шаруашылығын дамытуда елімізде жетекші орында.

Республикадағы ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың
21 пайызы, жылқының 10 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы өңірдің үлесінде.

Қаңтар – мамыр айларына мал саны Ірі қара  мал 1 млн.
259 мың бас, қой 5  млн. 303 мың бас, жылқы 495 мың бас, түйе 45 мың бас, құс 2 млн. 71 мың басты құрады. 95  мың тн ет, 326 мың тн сүт, 103 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Ет экспорты бойынша облысымыз республикада көшбасында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің үлесі 80%, ұсақ мал – 75% облыстың еншісінде (2024 ж. 4 айына
9,5 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері экспортқа шығарылды).

Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оңды септігін тигізуде.

Өңірде жалпы 9183 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңдары бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік
400 бастан – 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары
22 бірлік  мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.   

Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрайтын
3 ірі  тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды қолдауға Республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 6,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Олар. «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС, «Sultan Agro» ЖШС.

Жобалар Түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары Голштин тұқымды 1600 бас және Симментал тұқымды 600 бас аналық ірі қара малдар әкелінеді.

Осы жобалар арқылы жылыны қосымша 10,4 мың тонна сүт өнімі өндірілетін болады.