БАСҚАРМА БАСШЫСЫ НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері,

Қадірлі еңбек ардагерлері!

 

            Сіздерді бүгінгі, Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 

           Ауыл шаруашылығы ел экономикасының ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Сіздердің адал, қажырлы еңбектеріңіздің арқасында, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. Атап айтқанда:           

          - ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімі 1 трлн.тг.-ден асты;            

          - негізгі капиталға 88,5 млрд.тг. инвестиция тартылып, 1,5 есега артты;           

           - тамақ өндірісінің негізгі капиталына 12,1 млрд.тг. инвестиция тартылып 1,7 есеге ұлғайды;           

           - көкөніс, бақша, картоп өнімдері 3,3 млн. тонна өндірілді;           

           - мал мен құс басы және өнімділігі орташа 5 %-ға артты;            

            - ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 281,6 млн.АҚШ долларын құрап 1,3 есеге ұлғайды.          

       Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретінімізге сенемін!            

      Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін! 

Мереке құтты болсын!