
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы тағайындалды.
Басқарма басшысын ұжымға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді.
Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Қазақстан халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Мамандығы – су ресурстары және суды пайдалану; құқықтану.
Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған.
2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекші маманы болды.
2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2013-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2016-2017 жылдар аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕТҰ қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.
2018-2022 жылдың шілдесіне дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып еңбек етті.
2022-2023 жылдары Ордабасы ауданының әкімі болды.