Түркістан облысының өнімдері Шымкент қаласына кедергісіз кіруде!!!

Түркістан облысының өнімдері Шымкент қаласына кедергісіз кіруде!!!

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігі арасында Шымкент қаласының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 6 сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты түрде өткізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Осыған сәйкес Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері ерте мерзімде егілген қырыққабат (7 тонна), қызанақ (6 тонна), құлпынай (1 тонна) өнімдері Шымкент қаласының Қазыбек базарына жеткізілді! Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан Шымкент қаласына өнім жеткізу жалғасуда!